Ақмола облысында су тасқыны кезінде ер адам жоғалып кеткен

Ақмола облысында су тасқыны кезінде ер адам жоғалып кеткен
Фото: Видео кадры

Ақмола облысындағы Ескі Қалқұтан ауылы өзен тасуы салдарынан оқшауланып қалды. Су тасқыны кезінде елді мекенде бір тұрғын жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Тұрғындардың айтуынша, су тасқынына байланысты елді мекен оқшауланып қалған. Өткел жоқтығы, жолдың нашарлығы халықтың жұмысқа барып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуына кедергі болып тұр.

Су тасқыны кезінде бір ер адам жоғалғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша ол таңертең ерте жұмысқа кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.

Ақмола облыстық Полиция департаменті іздестіру барысы туралы ақпарат берді.

"Азаматтың хабар-ошарсыз кетуі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам үйінен шығып, жоғалып кеткені анықталды. Полицияға оның ағасы арызданған. Жоғалған адамның жүрген жерін анықтауға бағытталған іздестіру шаралары ұйымдастырылды", - деп түсіндірді өңірлік ПД баспасөз қызметі өкілі.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті жоғалған адамды іздеуге екі сүңгуір тобы жұмылдырылғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget