Ақмола облысы Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр.
Ескерту! Видеода боқтық сөздер бар!
"9 қазанда сағат 17:40-та Есіл–Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
ҚТЖ-ның мәліметінше, оқиғаның себебін анықтау үшін оқиға орнына комиссия жіберілді.
Көлік полициясының Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбандар жоқ. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201–бабы бойынша жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз