Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, тінту барысында одан мефедрон болуы мүмкін 120 түйіншек табылған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан асқан.
Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті аса ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды Көкшетау қаласына жеткізіп, кейін өзге елді мекендерге тасымалдауға тиіс болған.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова