Ақмола облысында шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғады.
Бұл санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы. Алайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған. 33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.
"Аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазір басқа балалардың құқығын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова