Ақмола облысында сақтау камерасына ұрлыққа түскен адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
9 маусымда жергілікті тұрғын Бурабай ауданының полиция бөліміне хабарласып, супермаркеттердің бірінде сауда жасап жүргенде, сақтау камерасынан оның пакеті, ақшалай қаражаты, Samsung телефоны мен косметикасы жоғалып кеткенін айтты.
Залал сомасы 200 мың теңге. Полицейлер камера жазбаларын зерттеп, жәбірленушінің сақтау камерасын толығымен жаппағанын анықтады, оны белгісіз әйел пайдаланып кеткен. Күдіктінің жеке басы анықталды және оны іздеу жедел түрде ұйымдастырылды. Ұры жергілікті тұрғын болып шықты.
Әйел ұрлық жасағанын мойындап, супермаркеттен шыққан кезде телефонды лақтырып жібергенін айтты. Қазіргі уақытта ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Осы факті бойынша полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз