Ақмола облысында психиатриялық ауруханадан шыққаннан кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен науқас табылды. Ер адам төрт күн бойы іздестірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алексеевка кентінің психиатриялық ауруханасының науқасы мекемеден өз еркімен кеткені туралы өтініш 14 желтоқсанда Зеренді ауданының полиция бөліміне түсіпті. Жоғалған адамның денсаулығы мен ауа райына байланысты өтініш түскеннен кейін бірден науқас іздестіріле бастаған. Бастапқыда Алексеевка ауылының аумағы мен жақын маңдағы елді мекендер, қараусыз қалған үйлер мен ғимараттар тексерілді.
Полиция ер адам далада суықта қатып қалуы мүмкін деп қорқыпты, сондықтан іздеу шараларын сәтті аяқтау үшін барлық күш жұмылдырылған. 18 желтоқсанда сағат 22.00 шамасында патрульдік полиция батальонының экипажы республикалық трассаның шетінен жоғалып кеткен адамды тапты. Кейін ол медициналық мекемеге жеткізілді.
Еске салайық, бұған дейін жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі табылғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!