Ақмола облысында пішен ору кезінде жұмысшы қаза тапты

Ақмола облысында пішен ору кезінде жұмысшы қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында шаруа қожалығының жұмысшысы шөп жинайтын ауылшаруашылық машинасының астына түсіп, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға Астрахан ауданында, шөп шабу жұмыстары кезінде болған. Ауыл тұрғыны 37 жаста еді.

Полиция қылмыстық іс қозғады, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастады.

"Алдын ала тергеу барысында шөп шабу жұмыстары кезінде қаза тапқан адам шөп орайтын пресс-жинағыштың астына түсіп, оқиға орнында қаза тапқаны анықталды", - деді аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әлия Біләлова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә