- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жол апаты өлім
Ақмола облысында пойыз жеңіл көлікті жаншып, үш адам қаза тапты
Ақмола облысында пойыз жеңіл көлікті жаншып, үш адам қаза тапты. Автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, ал екеуі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Степногор-Зоводской жолындағы теміржол өткелінде Audi автокөлігі бос цистернамен келе жатқан локомотивке соғылған. Қаза тапқан үш адамнан бөлек, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногор қаласындағы ауруханаға жеткізіліпті. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қайтыс болды, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногорск ауруханасына жеткізілді. Тергеу шеңберінде апаттың мән-жайы мен себептері белгіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Ақмола облысы ПД ақпарат-саясат бөлімінің жетекші маманы Анар Нүкенова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек