Ақмола облысында полицейге тіл тигізген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында полицейге тіл тигізген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ІІМ

Ақмола облысында полиция қызметкеріне тіл тигізген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астрахан ауданының тұрғынына билік өкіліне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 6 шілдеде кешке Жалтыр ауылының орталық алаңында болған. Учаскелік полиция инспекторы мас әйелді байқаған.

Жүргізілген медициналық куәландыру орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдықты растаған. 34 жастағы ауыл тұрғыны қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне тіл тигізген.

"Құқыққа қайшы әрекет тіркеліп, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ІІМ өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget