Ақмола облысында өзгенің шотынан заңсыз ақша иемденген күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысында полиция бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Былтыр қарашада жергілікті тұрғын Қосшы қаласының полиция бөліміне банк қосымшасынан ақша ұрланғаны туралы арызбен жүгінген. Ер адам карточкасынан 15-21 қыркүйек аралығында белгісіз адам 805 мың теңге сомасында ақша ұрланғанын айтқан.
Ұрлық жасалған уақыт аралығында жәбірленуші көшеде белгісіз адаммен кездейсоқ танысып, онымен алкоголь ішкені анықталған. Отырыс барысында жәбірленуші бейтаныс адамға банктің қосымшасына кіру кодын айтып, ұйықтап қалған, кейінірек ол шоттағы ақшасының жоғалып кеткенін анықтады. Ұрлық жасады деген күдікпен Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам алкогольді бірге ішкен кезінде жәбірленуші ұйықтап қалғанын мойындады, содан кейін ол ақшаны өз шотына аударып алған.
Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша соталды тергеу бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз