Ақмола облысында өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты

Ақмола облысында өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты
Фото: instagram.com/life_v_shchuchinske/

Ақмола облысында өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Щучинск қаласында жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына келген ТЖД күштері мен құралдары өртті сөндірген.

"Құтқарушылар өртті сөндіру кезінде үйден 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің сүйегін алып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 4 техника жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Клименко Александр (@shchuchinsk_life2)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget