Ақмола облысындағы Шортанды кентінде өртсөндірушілер гаражда шыққан өрттен екі газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шортанды ауылында жеке тұрғын үйдің аумағындағы гараж өртенген.
Өртсөндірушілер өрттің өршуінің алдын алды. Өрттен екі газ баллоны мен бір оттегі баллоны да шығарылды.
Өрт 40 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жағдайды өртке дейін жеткізбеуге шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз