Ақмола облысында орманнан 40 қайың көшетін ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Ақмола облысында орманнан 40 қайың көшетін ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Фото: depositphotos.com

Ақмола полицейлері орман қоры аумағынан 40 қайың көшетін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Целиноград ауданының полиция бөліміне "Жасыл Аймақ" РМК қызметкерінен ұрлық фактісі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Ер адам осы жылдың 26 қыркүйегінде мемлекеттік орман қоры аумағынан Hyundai Solaris көлігімен белгісіз қайыңның 40 көшетін ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 1,5 миллион теңгеден асты.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1996 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан