Ақмола облысында оқушылар мінген шағын автобус апатқа ұшырады, салдарынан 15 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауруханаға сегіз бала жеткізілген. Оқушылар мінген шағын автобус Көкшетаудан шыққан.
Желіде оқиғаның салдары түсірілген видео тарады.
Полиция департаменті қайғылы оқиғаның 4 ақпанда болғанын хабарлады.
Көкшетау - Атбасар тасжолының 128-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалағыш техниканы басып озбақ болған кезде рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен және Көкшетауға қарай кетіп бара жатқан 20 жастағы жүргізуші мінген Nissan Primera көлігіне соғылған.
Жол апаты салдарынан Nissan Primera жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 15 жолаушы, оның ішінде жеті бала жарақат алып, Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
"Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаменті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!