• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

Ақмола облысында оқу орнынан “қару“ ұрланған

Ақмола облысында оқу орнынан “қару“ ұрланған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмолада полицейлер оқу орнынан ұрланған қару макеттерін қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы қарашада Бұланды ауданының полиция бөліміне білім беру мекемесінен екі пневматикалық мылтықтың және автоматтың макеттері ұрланғаны туралы хабар түскен.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталып, жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталды.

Тергеу барысында 2024 жылғы шілдеде оқу орнының қару-жарақ бөлмесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген ер адам ешкім жоқтығын пайдаланып, оқу макеттерін алып кеткені белгілі болды. Біраз уақыттан кейін олардың жоғалғаны анықталып, оқу орнының басшылығы бірден полицияға жүгінді.

Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін құқық қорғау органдары мекемелерге бөгде адамдардың кіруін бақылауды күшейтуді, ғимараттарды бейнебақылау және дабыл жүйелерімен жабдықтауды, материалдық құндылықтардың есебін қатаң жүргізуді ұсынады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова