- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында немересі...
Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз 4 несие рәсімдеген
Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз 4 несие рәсімдеген. Бұл туралы 20 қаңтарда Степногорскідегі полиция басқармасына әйелдің өзі шағымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйел 2022 жылғы 28 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында 1996 жылы туған немересі оның атына алаяқтық жолмен банктен несие рәсімдегенін айтқан.
"Алдын ала тергеу барысында немересі бірінші рет 500 мың теңге несиені жәбірленушінің келісімімен рәсімдегені анықталды. Ал одан кейін немересі әжесінің жеке деректері мен фотосуретін пайдаланып, жалпы сомасы 1,1 млн теңгеге жуық теңге болатын 4 онлайн несиені рәсімдеген", - делінген polisia.kz таратқан хабарламада.
Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан