Көкшетауда мүгедектерге арналған көмек қайтыс болғандардың балаларына берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Қала прокуратурасы мүгедек адамдарды техникалық көмекші құралдармен және түрлі қызметтермен қамтамасыз ету кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.
Қайтыс болған адамдарға 2 миллион теңгеге 2000-нан аса гигиеналық құралдар, мүгедек арбашалары және басқа да жеке құралдар берілгені анықталды (балалары қабылдаған).
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылып, кейіннен мұқтаж мүгедектерге бөлінді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!