Ақмола облысында мұғалімдердің жалақысы кешіктіріліп жүрген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерейментау ауданының прокуроры Өлеңті ауылдық округіне барып, жеке қабылдауда мектеп директорының орынбасары мұғалімдерге жалақы төлеуді кешіктіру мәселесі бойынша жүгінді.
Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, келесі күні жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешек өтелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!