20 тамызда Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, Dayun Super мотоциклінің 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, 43 жастағы тұрғынды соғып кеткен.
Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған жаяу жүргінші мен мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Мотоцикл жүргізушісі комада жатыр.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеп, сараптаға тағайындады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!