- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тариф
Ақмола облысында монополист тарифтерді заңсыз өсірген
Ақмола облысындағы Атбасар ауданында монополист тарифтерді заңсыз өсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атбасар аудандық прокуратурасымен "Атбасар су" ШЖҚ МКК-ның қызметінде тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуы анықталды.
Атап айтқанда, кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізген.
Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесі бойынша бюджеттік ұйымдар үшін орташа өлшенген тариф биылғы жылдың қараша және желтоқсан айларындағы тарифтер 20 025,16 теңгеден/Гкал-дан 16 398,62-ге дейін, ал заңды тұлғалар үшін - 8 007,42-ден 6 557 дейін төмендетілді.
Осылайша, жергілікті тұтынушылардың, оның ішінде 424 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина