Ақмола облысында ММА жаттықтырушысы ұсталды

Ақмола облысында ММА жаттықтырушысы ұсталды
Фото: "КТК"

Ақмола облысында кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ММА жаттықтырушысы сыбайласымен бірге ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Полицияға белгісіз адамдар екі күдікті бизнесменге күш көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткенін хабарлаған.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында екі ер адам анықталып, олар Астанада ұсталған. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір бопсалау бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Ұсталғандардың облыс аумағында жасалған басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бопсалау - қылмыстық құқық бұзу. Болған оқиғаның барлық мән-жайы соталды тергеу барысында анықталады", - деді Ақмола облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Альмира Рахматулина.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget