- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында мердігерлердің...
Ақмола облысында мердігерлердің жұмысы төрт деңгейлі бақылауда болады
Ақмола облысында мердігерлер жұмысына құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ қоғам бақылауын жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыстың онлайн көрсетілімі үшін Ахуалдық орталық құрылады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мердігерлермен күрделі жөндеу жүргізу және білім беру нысандарын салу жөніндегі кеңесте айтты.
"Жұмыс барысында жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында көптеген бұзушылықтарға тап боламыз. Өткен жылы жұмыс қағаз жүзінде аяқталғанымен, оқу процесінде жұмыс жалғасып жатты. Бұл жағдай Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында балалардың өміріне қауіп төндірді. Біз мұндай фактілерге жол бермеуіміз керек. Мемлекет орасан зор қаражат бөледі, нәтижесінде біз аяқталмаған нысандарға, сапасыз жұмыстарға, бұзылған мерзімдерге, ұзаққа созылған сот процестеріне тап боламыз. Мұның бәрі білім сапасына әсер етеді, бюджетке қосымша жүктеме әкеледі. Тек соңғы үш жылда түзету жолымен 70 млрд теңгеге бюджет қаражатын бөлу ұлғайтылды. Осы ақшаға біз облысымыздың игілігі үшін пайдаланатын қосымша нысандар сала алар едік", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 228 құрылыс субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 4 ұйым лицензиядан айырылды, тағы 4 ұйым сарапшы аттестаттарынан айырылды. Сандықтау ауданында мектептің ұзақ салынуына байланысты балалар 1904 жылы салынған ғимаратта оқуға мәжбүр.
Өткен жылғы қателіктерді қайталамау үшін облыс әкімі барлық қатысушыларға қолжетімді болатын арнайы онлайн-базаға енгізілетін барлық әлеуметтік нысандар бойынша қоғамдық бақылау құруды ұсынды. Комиссия құрамына өңірдің елді мекендерінің белсенді тұрғындары кіреді.
"Сіздердің басты міндеттеріңіз-орындалған жұмыстардың сапасы мен уақытында орындалуы. Біз бюджет қаражатын жоғары бақылау аймағына бөлдік және олардың қайда кететінін көреміз. Қаржы мониторингі бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді", - деді өңір басшысы.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Ақмола облысында 2448 орындық 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. ҚР Білім Министрлігінің Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 6 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Көкшетау қаласында 588 орындық мектеп құрылысы 2025 жылы жалғасады. 53 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жүргізу үшін конкурстық рәсімдер аяқталды.
Ақмола облысының әкімдігі ұсынған материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина