Ақмола облысындағы мектеп қазандығы жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, оқиға 18 қарашада сағат 12:18-де Аршалы ауылында, Писарева көшесінде болған.
"Тәшенов атындағы орта мектеп аумағында жеке қазандықта қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылып, ғимарат құрылымы бұзылған" - деді Руслан Иманқұлов.
Үш адам ауруханаға жатқызылды: 1983 жылы туған шаруашылық меңгерушісі, 1990 жылы туған электрші және 1967 жылы туған отжағушы маман.
"Зардап шеккендер есін жиды, олардың жағдайы анықталып жатыр", - деді ТЖМ өкілі.
Мектеп қашықтан оқуға көшті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!