Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 қаңтар Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның өзіне тиесілі банк картасынан ақша қаражатын ұрлау туралы өтініші келіп түсті. Залал сомасы - шамамен 700 мың теңге.

Өтініш беруші 2024 жылдың 17 тамызында кешкі уақытта дүкенде ер адаммен танысқанын түсіндірді. Емін-еркін әңгіме барысында жәбірленуші кездейсоқ танысын үйіне шақырды. Бірге уақыт өткізіп, алкоголь ішкеннен кейін өтініш беруші ұйықтауға кеткен, ал оның қонағы үйден өз бетінше кетіп қалған.

Келесі күні, 18 тамызда таңертең жәбірленуші банктің мобильді қосымшасында оның атына 400 мың және 300 мың теңгеге екі несие рәсімделгенін анықтады. Сонымен қатар шоттан 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражат жаңа таныстың нөміріне аударылған. Ауыл тұрғыны күдіктіні ақшаны қайтаруға мәжбүрлеуге тырысты, бірақ сәтсіз әрекеттен кейін полициядан көмек сұрады. Осы факті бойынша полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!