- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында мас...
Ақмола облысында мас жігіт қоқыс жәшігімен банкоматтарды сындырған
Фото:
видеодан алынған кадр
Ақмолалық мас жігіт қоқыс жәшігімен банкоматтарға залал келтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атбасар аудандық полиция басқармасына банк қызмет көрсету орталықтарының бірінің басшысынан арыз келіп түсті.
Ол 28 наурыз күні сағат 02:40 шамасында белгісіз адамның қаржы ұйымына тиесілі екі банкоматқа зақым келтіргенін хабарлаған.
Шығын - 2,7 млн теңге. Қылмыскердің барлық әрекеті банктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Қазір істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексі 202-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан