- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында мас...
Ақмола облысында мас адам көктемде отырғызылған қарағай көшеттерін сындырып тастады
Фото:
polisia.kz
Ақмола облысында мас адам көктемде отырғызылған қарағай көшеттерін сындырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аршалы аудандық полиция бөліміне аудан әкімінің елдімекен аумағында көктемде отырғызылған қарағайдың жаңа көшеттерінің зақымдануы туралы арызы келіп түсті.
Залал сомасы - 425 мың теңге. Күдікті анықталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
30 мамыр күні мас күйінде жас жігіт көшеттердің бірін жұлып алып, қалған төртеуін зақымдап, бұтақтарын сындырғаны белгілі болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан