- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында мал...
Ақмола облысында мал ұрлаған ер адам бас бостандығынан айырылды
Ақмола облысында мал ұрлаған ер адам бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысының Есіл аудандық сотында Ақмола облысының пробация қызметінің есебінде тұрған Қостанай облысының тумасы А.-ға қатысты сот процесі өтті. Бірнеше жыл бұрын ол ұрлық жасағанының кесірінен отбасымен Ақмола облысының шалғайдағы ауылына көшіп келген.
Ол достарымен бірге көрші облыстан жиырмадан аса қой ұрлаған. Оның ұрланған малды сатпақ болғаны анықталды.
Сот шешімімен мал ұрлаған ер адамға пробациялық бақылау белгіленіп, қоғамнан оқшаусыз 5 жыл жаза мерзімі тағайындалды. Пробацияның бақылауында сотталған адам ұзақ болмаған. Екі айдан кейін фермаға жұмысқа орналасқан соң ол пробациялық бақылаудан жалтарып, ескертусіз жоғалып кеткен.
Аумақтық пробация бөлімінің қызметкерлері барлық аула мен күдіктінің таныстарын аралап, оның тұрғылықты жерін анықтауға тырысты. Бір айдан кейін күдікті табылып, тұтқындалды.
Аудандық пробация қызметкерлерімен сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс жолданды. Есіл аудандық соты ұсынысты қолдап, сотталған бас бостандығын айыру жазасын өтейтін мекемеге жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек