Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алуға заңсыз кедергі жасағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептермен бірқатар сатып алудан бас тартқаны анықталды.
Мысалы, бір ауданның құрылыс бөлімі объектінің күрделілік деңгейін дұрыс көрсетпеу, бас жоспардың болмауы себебінен мемлекеттік сатып алудан бас тартқан.
Бұл негіздер мемлекеттік сатып алудан бас тарту және одан әрі шарт жасаспау үшін негіз бола алмайды (Заңның 5-бабы 13-тармағы).
Осылайша, мемлекеттік органдардың аталған заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарын, адал бәсекелестік қағидатын бұзды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келді.
Облыс прокуратурасының актісі бойынша 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!