- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында қызметтік...
Ақмола облысында қызметтік тұрғын үйді жоғары бағамен сатылмақ болған
Ақмола облысында қызметтік тұрғын үйді жоғары бағамен сатылмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Бурабай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде Бюджет кодексі нормаларының сақталуына талдау жүргізілді.
Бурабай ауданы әкімінің аппараты биыл көлемі 40-60 шаршы метр, құны 30 миллион теңгеге 3 бөлмелі пәтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлағаны анықталды.
Сонымен қатар, ұқсас сипаттамалары бар интернет-сайттардағы (krisha.kz, olx) пәтерлердің бағалары туралы зерттеу барысында Щучинск қаласындағы бағалар 10,5 миллион теңгеден 22,5 миллион теңгеге дейін, бұл орташа есеппен 16 миллион теңге болатыны анықталды.
Осылайша, қолданыстағы заңнама мен Кодекстің қағидаттарын бұза отырып, жоспарланған сатып алу сомасы негізсіз асырып көрсетілген.
Қадағалау актісіне сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізілді, жоспарланған сатып алу пәтерлердің орташа нарықтық құнын ескере отырып түзетілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек