Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторының қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болуына байланысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы жөнінде ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен", - делінген хабарламада.
Департамент басшылығы мен жеке құрамы қаза болған полицейдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және бұл дерек бойынша жан-жақты әрі объектив тергеу жүргізілетінін жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz