Ақмола облысында квадроцикл тізгіндеген қыз жол апатына ұшырап қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Бурабай ауданында квадроциклге қатысты оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша 7 шілдеде Астананың 22 жастағы тұрғыны тізгіндеген квадроцикл Зеленый Бор және Бурабай ауылдары арасындағы тасжолда аударылып қалған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, квадроциклді жалға берген дүкеннің жұмысы, мотоциклді жалға алу кезіндегі қауіпсіздік ережелері сақталуы тексеріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова