Ақмола облысында құтқарушы сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Ақмола облысында құтқарушы сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады
Фото: Видео кадры

Ақмола облысында құтқарушы жұмыс орнында сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі жариялады. Департаменттің айтуынша, №29 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, құтқарушы Абзал Темірбаев бәрін алдын ала жоспарлап, әріптестерінен көмектесуін сұраған.

"Абзалды аяқасты дабыл бойынша шақырғанда, оның сүйіктісі Назгүл бұл үлкен тосынсыйдың бір бөлігі екенін мүлде білген жоқ. Өрт сөндіру депосына келгенде, ол ғажап көрініске куә болды: гүлдерден жасалған үлкен жүрек, "Marry me?" деген жазу, шамдар, достары, туған-туыстары және осы маңызды сәттің куәсі болған бүкіл ұжым", – деді ТЖД-де.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ерсаин Койшибаев (@yersain09)

Абзал арнайы жұмыс киімімен, қолына гүл мен сақина ұстап, оң жақ тізесіне отырып, ұсыныс жасайды. Назгүл келісімін береді.

Кадрларда әріптестері Абзалды көтеріп, құттықтай бастаған. Бақытты жұпты құттықтауға олардың достары мен жақындары да келген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget