Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға қатысқаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шортанды ауданының прокуратурасы кейбір мемлекеттік қызметшілер букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысып, бәс тіккенін анықтаған.
"Мемлекеттік қызметшілердің бірі бірнеше ай бойы букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тігіп, ойын шотын 5,7 млн теңгеден аса сомаға толықтырған. Тексеріс нәтижесінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бұзылғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде кінәлі тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!