Ақмола облысында қоймадан алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының Степногорск қаласында Заводская кентіндегі қойма үй-жайында алдын ала болжам бойынша 500 шаршы метр алаңда өрт шықты.
Өрт салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік өртенген.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.
ТЖМ мәліметінше, 16:52-де өрт оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!