Ақмола облысында "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 1347 шақырмында жеңіл көлік аударылып, екі адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты Түрген ауылының маңында болған.
"Анықталғандай, "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 1347 шақырмында "Chevrolet Cobalt" көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай көлік жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Салдарынан көліктің ішінде болған жолаушылардың екеуі алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі жолаушы мен жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде, сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз