Ақмола облысында көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кеткен

Ақмола облысында көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмған. Екіншісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"Жантүршігерлік жол апаты Астана-Петропавл тасжолының 178-шақырымында болды. Жүргізуші көлік жөндеп тұрғандарды байқамай қалған", - деп жазылған мәліметте.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!