Ақмола облысында кент әкімі төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысында кент әкімі төрт жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: pixabay

Ақмола облысы Шортанды кентінің экс-әкімі Цэрэг Мәмбет Көкшетау қаласы сотының үкімімен төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Көкшетау қалалық сотының 15 мамырдағы үкімімен Шортанды кентінің бұрынғы әкімі 4 жыл бойы орташа қауіпсіздікті түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Ол өзіне қатысты тергеудегі қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органы қызметкеріне 7,9 миллион теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды. 

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқынан айырылған. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Абзал Алпысбайұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz