- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында кәсіпкерлерден...
Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалағандар ұсталды
Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысындағы арнайы операция нәтижесінде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады. Топ мүшелерінің жасы 26-дан 32 жасқа дейін.
Қоқан-лоқы көрсетіп, күш қолдану арқылы ұсталғандардың жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 миллион теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алғаны анықталды.
Бүгін ұсталғандардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыс жасауға қатысы бары анықталды.
Жедел ақпарат бойынша, бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер "ұрылар идеологиясын" ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған.
Сондай-ақ, топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған. Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді.
Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек