Ақмола облысында болған қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz сайты.
28 маусымда Қарасай айналма жолы бойындағы автодромда төбелес болып, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. Оқиға орнына криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері келіп жетті.
"Алдын ала тергеу барысында қақтығысқа қатысқан 15 адам 22 жастан 40 жасқа дейінгі Көкшетау мен Қарағандының тұрғындары екені анықталды. Оқиға орнынан Тanfoglio мен "Стражник" маркалы травматикалық тапаншалары мен патрондар, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Бұл дерекке сәйкес, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни "Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау" бойынша соталды тергеу басталды.