Ақмола облысында кәмелетке толмаған бала электр самокатпен жасөспірім қызды қағып кетті

Ақмола облысында кәмелетке толмаған бала электр самокатпен жасөспірім қызды қағып кетті

20 шілдеде Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған бала электр самокатпен жүріп келе жатып, 2008 жылы туған жасөспірім қызды соғып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Салдарынан зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізді.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары 2023 жылдың тамызында мопедтер, электр самокаттары мен велосипед жүргізушілеріне бірқатар тыйым салулар енгізілгенін еске салды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз