Ақмола облысында жүргізуші экскаватормен бірге суға батып кетті

Ақмола облысында жүргізуші экскаватормен бірге суға батып кетті
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында жұмыс барысында экскаватор суға батып, ішінде отырған жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 20 ақпанда Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылының маңындағы саз өндіретін карьерде болған. Экскаватор жұмыс істеп тұрған сәтте карьердегі су қоймасына батып кеткен, ал 30 жастағы машинист кабинадан шығып үлгермей, көз жұмған.

Ақмола облыстық полициясы оқиғаға қатысты мәлімет берді.

"Болжам бойынша, карьердің су қоймасында экскаватор батып кетті. Кабина ішінде 1996 жылы туған жұмысшы болған. Нәтижесінде ер адам қаза тапты. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция соталды тергеп-тексеруді бастады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жұмыс беруші бұл жағдай туралы Еңбек инспекциясы департаментіне хабарламаған.

"Бұл оқиға бойынша Ақмола облысының Еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабар түскен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget