- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында жұмысшы...
Ақмола облысында жұмысшы 6 мың вольтты электр тоғына түсіп мерт болды
Фото:
Tengrinews.kz
Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қайтыс болған 56 жастағы қызметкер экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскені белгілі болды.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша ("Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан