Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі пайдаланылмайтын шахтадан үйінді астынан заңсыз жұмыс істеген екі адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қаңтарда Степногорск қаласының полициясына "Центральная" шахтасы кенішінің диспетчерінен 520-аумақта кен үйінділері астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Осы іске қатысты материалдарды жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталған. Олардың бірі - 1986 жылы туған Бестөбе ауылының тұрғыны. Ол бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екінші қайтыс болған адам - Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны. Куәгердің, сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеген адамның айтуынша, олардың денелері үйілген кен астынан табылған. Ал содан кейін басқалардың көмегімен жер бетіне шығарылған.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!