Ақмола облысының Тасты-Талды-Баранкөл аралығында Арқалық-Қостанай бағытындағы пойыз ірі қара малдың болуына байланысты шұғыл тоқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан үш ірі қара малды қағып кетті. Пойыз 18 минутқа тоқтап қалды.
Тексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесін, Арқалық қаласының 54 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері пойыздар 1 993 рет тоқтаған. Теміржолда үй жануарларын басып кетудің 1 526 дерегі тіркелді, оның ішінде 496 бас жылқы, 323 бас ірі қара мал және басқалар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!