Ақмола облысында жоғалған 9 жасар қыз астанадан табылды

Ақмола облысында жоғалған 9 жасар қыз астанадан табылды

Ақмола облысында жоғалған 9 жасар қыз табылды. Ол 23 қаңтарда түстен кейін үйден  кетіп, қайтып оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туыстарының айтуынша, қыз сағат 12-де сабаққа баруы керек еді, бірақ мектепке бармаған және жұмыста болған анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Полицейлер қыздың телефоны арқылы оның орналасқан жерін анықтады. Ол Астанадағы сауда үйінде болған. Қыздың анасы бұл туралы Астанада тұратын әпкесіне хабарлады, ол бірден сауда нүктесіне келді.

Қыз бала сол жерден табылып, қазіргі уақытта туыстарымен бірге, оған қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz