Ақмола облысының Бестөбе кентінде жетінші баласына жүкті 34 жастағы алты баланың анасы жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болды. Әйел отбасымен үйде болған, бір уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, жатып демалуға шешім қабылдайды. Кейін туыстары оны өлі күйінде тапты. Ол жүктіліктің 34-аптасында болды.
Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенге дейін қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі - жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ.
Полиция Бестөбе тұрғынының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!