- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында жер...
Ақмола облысында жер үйде жарылыс болып, бір адам қаза болды
Ақмола облысында белгісіз заттың жарылуынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
"Бүгін, 14 тамызда Целиноград ауданы Тайтөбе кентіндегі жеке тұрғын үйдің аумағында, әкелінген көмірді сұрыптау кезінде белгісіз зат жарылып, нәтижесінде үйдің иесі А. 1981 жылы туған ер адам қаза болды. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, үй иесінің ағасы 1977 жылы туған ер адам және оның 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жарақат алды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Г. Досымшалова