Ақмола облысында жеке үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Ақмола облысында жеке үй өртеніп, екі бала қаза тапты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2017 және 2021 жылы туған екі бала уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт жеке тұрғын үйдің 3 шаршы метр аумағын шарпыған.

"ТЖД шұғыл нөмірлеріне қоңыраулар түскен жоқ. Өртті куәгерлер сөндірді. Оның себебін Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасы анықтайды", - делінген хабарламада.

Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан