Бүгін, 30 қыркүйекте түнде Целиноград ауданының Қызылсуат ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің шатыры өртенді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші бөлімшелері тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын әрі өрттің бүкіл құрылысқа таралу қаупі бар екенін анықтады.
Өрт ошағын тауып, дереу сөндірді. Жалын 95 шаршы метр аумақты шарпыды.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!", – делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!