Ақмола облысында жауын салдарынан бірнеше үй су астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізді.
Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Софиевка ауылында 4 жеке тұрғын үй мен 6 аула аумағы су астында қалды.
Құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жүргізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз